"Қазақ", "Сарыарқа", "Айқап": Көне газеттеріміз кітап түрінде шықты
Ғалымдарымыз көне басылымдарды жинақтап, араб қарпінен кириллицаға түсірді.
Себебі қазір араб қарпін түсінетін оқырман тұрмақ, ғалым жоқ деуге болады, Оған қоса ақтаңдақ жылдары жарық көрген газет-журналдардың көптеген саны сақталмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Зерттеушілеріміз олқылықтың орнын толтырып, сүбелі дүние жазып шықты. Нақтырақ айтсақ, 1913-1918 жылдары жарық көрген «Қазақ» газеті 7 том болды. «Айқап» журналының 88 саны 2 том болып басылды.
Ал 1917-1919 жылдары шыққан «Сарыарқа» газетінің кейбір сандары шетелдің мұрағатынан табылды. Жалпы «Шерлі шежіре» бағдарламасы аясында 30 том дайындалған. Олар үш жыл ішінде толықтырылып, оқырманға жетіп отыр.