KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

"Бұл құрылтайдың жастарға негізделетініне көз жеткіземіз" - Сәуле Рахметуллина

16.06.2022, 18:23 298

Елде Президентінің жанынан Ұлттық құрылтай құрылды. Оның құрамына ел өмірінің түрлі саласының өкілдері болатын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енді. Жаңа бірлестікке барлығы 100-ден астам адам мүше болды.

Ұлтты ұйыстырған Ұлытауда бүгін жалпыұлттық Құрылтай өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде негізгі үш бағытты айқындады: «Жалпыұлттық бірлікті нығайту», «Реформалардың мән-маңызын халыққа түсіндіру», «Жаңа технологиялар арқылы халықты ауқымды реформаларға қатыстыру». 

Осыған байланысты Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы-ректор м.а. Сәуле Рахметуллина да өз пікірімен бөлісті. 

- Әрине, президент Құрылтай барысында біртұтас елдің мәселесін бірден шешуді көздемесе де, халықтың сұранысын қанағаттандыратын бағыт-бағдарды ұсынып отыр. Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсына отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына жаңа үн қосты. «Халқымыз «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деп бекер айтпаған. Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс. Біз өскелең ұрпақты адал еңбекке баулып, жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуіміз қажет. Маңдай термен тапқан әр тиын – нағыз ардың ісі, Абай айтқан «толық адамның» еңбегі екенін жастардың санасына тоқуымыз қажет» деген сөзіне сүйенсек, бұл құрылтайдың жастарға негізделетініне көз жеткіземіз, - дейді Сәуле Рахметуллина. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу