Бүгін Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді
Фото: akorda.kz
Бүгін Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Қазір Ұлттық құрылтайдың басталуына санаулы ғана сағаттар қалды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланған.
Құрылтай өтетін алаң қазақтың 12 қанатты киіз үйі тәрізді безендірілген. Әр аймақтан жиналған түрлі сала өкілдері кеше Түркістанға келіп, алғашқы секциялық жұмыстарға қатысты.
Құрылтай барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдерін қамтиды. Мұнда азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеялары ортаға салынады.