ШҚО мектептерінде жасөспірімдердің психологиялық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінетін болады
Фото: ya-roditel.ru
Мектепте балалар тек білім ғана емес, сонымен қатар психологиялық білім алады. Бұл мәселеде үлкен жауапкершілік мұғалімдердің мойнына жүктеледі. Көп жағдайда оқушылардың қалай өсетіндігі мұғаліміне де байланысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасының ұжымымен кездесу кезінде ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мектеп психологтарының жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
«Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін қолға алып, тиісті жұмыс жүргізу қажет. Мектептің міндеті – оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған бірінші сыныптан бастап жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрету», - деді аймақ басшысы.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз