ШҚО-да ауадағы ластаушы заттардың жоғары мөлшері болжануда
Фото: Тілеубек Шаяхмет
Қазгидрометтің мәліметінше, бүгін Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеожағдай болжануда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қолайсыз метеожағдайда ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқартыңыз;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек;
- өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спорттық шараларды жабық спорт кешендерінде жүргізу керек.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз