KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Бүгін еліміздің жеті қаласында қолайсыз метеожағдайлар күтілуде

Фото: naukograd-dubna.ru

20.01.2024, 13:30 177 Айна Ескенқызы

"Қазгидрометтің" бюллетеніне сәйкес, 20 қаңтарда Қазақстанның жеті қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып. 


Бұлар – Астана, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент және Петропавл қалалары.


Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).


Қолайсыз ауа райында созылмалы сырқаттары бар адамдардың денсаулығы нашарлап, жағдайлары төмендеп кетуі мүмкін. Сол себепті дәрігерлер далада жүру уақытын қысқартуға, автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартуға; өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада болған кезде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерін алып жүруге; ашық ауада физикалық белсенділікті шектеуге, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды жабық спорт кешендерінде өткізуге кеңес береді.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив