KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
499.04 544.45 5.96

Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың есімдерін жариялауды жоспарлап отыр

Фото: time.kz

29.01.2024, 17:10 136

Қазақстанда сыбайлас жемқорлардың есімдерін жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты КазТАГ порталына сілтеме жасап.

«Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мүшелері парламентшілермен және сарапшылармен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын және оған қатысты түзетулерді талқылады. Отырыс депутат Айдос Сарымның төрағалығымен, Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаеваның қатысуымен өтті. Отырысқа қатысушыларды заң жобаларының нормаларымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов таныстырды. Оның ақпараты бойынша, түзетулер арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы ішінара іске асырылады. Негізгі заң жобасы алты бағытты қамтиды. Олардың ішінде - сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу, пара ұсыну және уәде беру, сондай-ақ пара алуға келісу, сұрау немесе талап ету үшін қылмыстық жауаптылық және басқа да бағыттар бар, – деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Жалпы, өзгерістер мен толықтырулар үш Кодекске және бес Заңға, ілеспе жобамен – Әкімшілік кодекске енгізіледі.

  

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу