ШҚО-да "Тоқта алаяқ" жедел-профилактикалық іс-шара басталды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында интернет-алаяқтықтардың алдын алу және ескерту, сондай-ақ оларға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Тоқта-алаяқ» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«ЖПІШ өткізу аясында ШҚО тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы алдын алу және ескерту бойынша шаралар қабылдануда. Жалпы бұл іс шара 20 ақпанынға дейін жалғасады», - деп хабарлады полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері облысымыздың барлық азаматтарын қырағы болуға жән құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда жедел 102 жедел арнасына хабарлауға шақырады.
Оқи отырыңыз