Тоқта, алаяқ! ШҚО-да жедел-профилактикалық іс-шара басталды (видео)
" allowfullscreen>ШҚО-да 1 ақпаннан бастап интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары жүргізіледі.
Жедел-профилактикалық іс-шара 20 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара аясында интернет алаяқтықтың түрлері мен әдістері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар қылмыстың бұл түрінің алдын алу және ескерту бойынша шаралар қабылданады.
– Интернет алаяқтардың қақпанына көбіне егде жастағы адамдар мен оң-солын әлі танымаған жастар түсіп қалып жатады. Алаяқтар қарт адамдарға қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырады. Сөйтіп ол адамның туысы қиын жағдайға тап болғанын айтып, оған көмектесу үшін қомақты қаржы сұрайды. Жайсыз хабарды естіп, есі шыққан қариялар олардың сөзіне сеніп, қолындағы ақшасынан айырылып қалады. Ал жастарға жалақысы жоғары жұмыс ұсынып, жаңағы алданған қариялардың ақшасын келісілген жерден алып кетуді тапсырады. Жастар қылмыстық іске барғанын құқық қорғау қызметкерлерінің құрығына түскенде ғана біледі, - дейді полиция майоры Айзат Рыспаева.
ШҚО Полиция департаменті өңір тұрғындарын қырағы болуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда дереу 102 жедел арнасына хабарласуға шақырады.
Оқи отырыңыз