KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Балаларға берілетін төлем: егер ақша түспесе, ата-ана не істеуі керек?

Фото: Абзалбекова Анель

2.02.2024, 11:38 71 Анель Слямғазықызы

БЖЗҚ өкілдері ата-аналарға баласына Ұлттық қордан ақша түспеген жағдайда не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеру қажет:

 

  • балада жеке басын куәландыратын құжат болуы (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);
  • жеке басын куәландыратын құжатта деректер болуы және олардың дұрыс көрсетілуі: Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;

 

  • egov.kz порталындағы жеке кабинетінде балалар туралы мәліметтер болуы, тіркелуі және дұрыстығы (осы ресурста баланың ата-анасына бекітілген баланың нысаналы талаптары бойынша егжей-тегжейлі үзінді көшірме ұсынылады).

 

 

Егер балада:

  • жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінген жөн;
  • азаматтығы жоқ, анықталмаған немесе ол дұрыс көрсетілмеген болса, онда тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну керек.

 

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісін түспеген кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептеледі", - деп жазылған хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу