Мамандар қар көшкінінің алдын алды
Қауіптің алдын алу мақсатында «Қазселденқорғау» мамандары мен құтқарушылар жасанды қар көшкінін түсірді. Шығыс Қазақстанның «Өскемен-Горная – Ульбинка-Северное» автожолының бойындаға беткейлерде 70-тен 140 см-ге дейін қар жиналған.
Аталған аумақтан «Қазселденқорғау» филиалының мамандары жасанды қар көшкіні арқылы 33700 текше метр қар түсірген. Жалпы қыс мезгілінің басынан бері өңірде 106600 текше метр қар түсірілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ТЖД мен «Қазселденқорғау» филиалы тауларда тұрақсыз ауа температурасы, жел және қатты жауын-шашын кезінде болу қауіпті екенін еске салады. Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, дауылды ескертулер туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан біле аласыз.