Аудан ауруханалары заманауи құралдармен жабдықталып жатыр – ШҚО
Фото: gas-kvas.com
Былтыр еліміздің онкологиялық қызметі үшін маңызды құжат –онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілген-ді. Осы бағдарлама аясында ШҚО аудандарына алты компьютерлік томограф (КТ) аппаратын, колоноскопия құралдарын сатып алу жоспарланған.
Биылдың өзінде екі ауданға КТ аппараты, былтыр екі ауданға маммография сатып алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Директордың айтуынша, аудандарды заманауи құралдармен қамтудың жол картасы жасалған, қай ауданға қандай аспап, қашан сатып алынатыны бекітілген. Қазір тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер жүргізіледі. Скринингтің үшінші кезеңінде колоноскопиялық зерттеулер жасалады. Сол себепті өңірге бұл аспаптар да жеткілікті түрде сатып алынады.