KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-ның Самар ауданында ірі инвестжоба қолға алынбақ

27.02.2024, 19:06 184

Бүгін, 27 ақпанда Самар ауданының Құлынжон ауылында алтын кенішінің құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау өтті.

Жиынға Құлынжон, Көкжыра ауылдарының тұрғындары, «Каскад-Н» компаниясының өкілдері, ШҚО экология департаментінің мамандары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Самар ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Аудан үшін бұл инвестициялық жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өткен мамандар тұрғындар назарын аталмыш жобаның экология және жер қойнауын пайдалану туралы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес екендігіне аударды.

Компания өкілдері жобаны іске асыруға 9 млрд теңге инвестициялық қаржы салуды көздеп отыр, оның ішінде қосымша әлеуметтік бағдарламаларды орындау жөнінде міндеттемелер де қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив