KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Несие пайызы төмендеп келеді

Фото: Naryk.kz

29.03.2024, 14:14 133 Айжанат Бақытқызы

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, ақпанда екінші деңгейлі банктерде бизнес секторында да, бөлшек секторда да несиенің мөлшерлемесі төмендеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиелер бойынша орташа алынған мөлшерлеме 18,1%-ды құрады. Көрсеткіш төртінші рет қатарынан төмендеді, қаңтармен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмендеді. Ағымдағы деңгей – 2022 жылдың қазан айынан бастап ең төменгі деңгей.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер сегментінде ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа алынған көрсеткіш 18,7% құрады, бұл қаңтардағыдан 2 пайыздық тармаққа жоғары.

Айта кетейік, депозит пайызы да төмендеген.

Ақпан айының соңында базалық мөлшерлеме бесінші рет қатарынан 14,75%-ға дейін төмендегенін еске сала кетейік. Бірақ одан әрі, Ұлттық банктің айтқанына қарағанда, ақша-несие саясаты әзірге жұмсартылмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив