KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ипотека алу күрт азайып кетті

Фото: rbk.ru

9.02.2024, 23:16 127

Тұрғын үй нарығы саласындағы сарапшылардың пікірінше, ипотекалық несие алу баяулады.

Берілген ипотека көлемі былтырғымен салыстырғанда 17,3%, берілген несие саны  19,2% дейін төмендеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz порталына сілтеме жасап.

Бір жылда ипотека алғандардың бестен бір бөлігін жастар құрайды. Берілген ипотеканың орташа сомасы 15 миллионға жуық. Ең көп сомасы – 2,1 миллиард теңге.

Жалпы банк секторындағы орташа пайыздық мөлшерлемелер бұрынғысынша базалық мөлшерлемеден төмен. 

Ипотекалық несие портфелі 1 қаңтардағы жағдай бойынша 5,8 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3% жоғары. 

                                                                     

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу