KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Жыл басынан бері теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы нығайды

Фото: freepik

2.04.2024, 20:22 92 Айжанат Бақытқызы

2024 жылдың үш айының қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға, еуроға, Ресей рубліне және Қытай юаніне қатысты нығайды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Ұлттық Банктің деректері бойынша, наурыз айында теңге бағамы 0,9% - ға нығайды. Бір АҚШ доллары үшін 446,77 теңгеге дейін қалыптасты.

Алайда теңге тек долларға ғана емес, жыл басынан бері басқа да негізгі валюталарға қатысты нығайды.

Ресми статистикаға сәйкес:

еуро қаңтар айының басында 502,2 теңгеден наурыз айының соңына қарай 481,8 теңгеге дейін;

Ресей рублі 0,22 теңгеге – 1 сәуірге қарай 5,06 теңгеден 4,84 теңгеге дейін нығайды.

Қытай юаны да теңгеге қатысты біршама әлсіреді – қаңтардың басында 63,94-тен сәуір айының басында 61,88-ге дейін.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы сауалнамасына қатысқан сарапшылардың бағалауы бойынша, сәуір айында USD/KZT бағамы бір доллар үшін 454,4 теңгеге жетуі мүмкін. Алайда, қазіргі уақытта теңге бағамы, керісінше, нығайып келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив