KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Балық аулауға тыйым салынады – ШҚО

фото: vsegda-pomnim.com

10.04.2024, 09:00 70 ALTAINEWS

Балық аулауға тыйым салу судағы тіршілік иелерінің популяциясын сақтау үшін белгіленеді және бұл әсіресе көктемгі уылдырық шашу кезеңінде қажетті шара.

Жалпы, балық қорын пайдалану мәселелері 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңмен және заңға тәуелді қабылданған актілермен реттеледі. Олардың негізгілері – ауыл шаруашылығы министрінің «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» және Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрықтары.

Аталған құжаттар биологиялық әртүрліліктің сақталуын және елдегі табиғи экологиялық жүйелердің бірегейлігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Бұл уақытта бақылаусыз балық аулау браконьерлік аулау болып саналады. Сондықтан балық аулауды жүзеге асыру кезінде заңнаманың белгіленген талаптарын қатаң сақтау қажет. Оларды бұзғаны үшін әкімшілік, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде Ертіс бассейні бойынша балық аулауға тыйым салу мынадай жерлерде енгізіледі:

- Зайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;

- бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма су электр станциясына дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;

- Өскемен су қоймасында, Ертіс өзенінде Өскемен су электр станциясынан Шүлбі су қоймасына дейін 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;

- Шүлбі су қоймасында, Ертіс өзенінде Шүлбі су электр станциясынан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін 16 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта.

Осыған байланысты, тұрғындарды уылдырық шашу кезінде аймақтың су айдындарында биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырамыз.

 

А. Есентаев

                                Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив