KZ
Өскемен
+7°
туман жел 1 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Мектеп асханасын жалға алушылар оқушылардың тамақтану нормаларын қайта қарауды сұрайды

фото: depositphotos.com

10.04.2024, 14:35 84 Айжанат Бақытқызы

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, мектеп асханасын жалға алушылар оқушылардың тамақтану нормаларын  қайта қарауды сұрайды, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Асханаларды жалға алушы кәсіпкерлердің айтуынша, порцияның салмағы баланың жасына байланысты болуы керек: 6-10 жас, 11-14 жас және 15-18 жас.

«Бізде қосымша құн салығынсыз күніне 620 теңге есебінен бір оқушыға арналған шығындар сомасы белгіленген. Жоғары сынып оқушылары үшін тамақ нормасы айтарлықтай жоғары. Бірақ біз басқа норманы сақтай алмаймыз, азық-түлік өнімдері айтарлықтай қымбаттады. Сондай-ақ, өндірістік бақылау, жұмыс киімдері, жалақы, салықтар, коммуналдық төлемдер  сияқты өзге шығындар да есепке алынбайды. Онда тамақтану құны 760 теңге болуы керек. Біз қазір шығынмен жұмыс істеп жатырмыз, - деді мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкер.

ШҚО білім басқармасында қосымша құн салығы бойынша норма қайта есептелетінін, ал жас бойынша норманы есепке алуға келетін болсақ, есептеудің нақты әдістемесі болмағандықтан, нормативтерін әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысында есептеу әдістемесін егжей-тегжейлі зерделеп, әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Комиссия құрамына мектеп асханаларын жалға алушылар, ШҚО білім басқармасы, прокуратура және ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив