KZ
Өскемен
+7°
туман жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Монополист тұтынушыларға 6 млн теңге қайтарды – ШҚО

фото: depositphotos.com

10.04.2024, 16:01 99 Жанаргүл Мұқатай

ШҚО прокуратурасы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШҚ өндірістік филиалында (монополия субъектісі) өнеркәсіптік қауіпсіздік, газ-газбен жабдықтау, табиғи монополиялар және Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша тексеру қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде 2020-2022 жылдары тұтынушыларды газ желісіне қосқаны үшін монополиялар субъектісі 6 млн теңгеден астам заңсыз ақы алу дерегі бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті ШҚО бойынша департаментінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жолданған.

Департамент ұсыным негізінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалына заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізген.

Бірақ, монополист аталған  ұйғарыммен келіспей, шағыммен сотқа жүгінген болатын. Алайда, ШҚ мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен шағым қанағаттандырылмады.

2023 жылы ШҚО сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылып, кейіннен Жоғарғы соттың қаулысымен сот актілері күшінде қалдырылған.

Қазіргі таңда табиғи монополиялар субъектісі 985 газ тұтынушыға   6 млн теңгеден астам қаражатты толығымен қайтарып берді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив