Қазақстанда мектеп оқулықтарының 100% цифрлық форматқа көшірілді
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, еліміздегі мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100%-ды құрайды. Олар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар еліміздегі 13 баспаның 11 платформасында әзірленуде.
«Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Оқи отырыңыз