Әскери билеттер цифрлық форматқа ауыстырылды
Фото: liter.kz
Елімізде жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезіндегі әскери билетті түпнұсқада ұсыну талабы алынып тасталды. Енді жұмыс беруші азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметті egov.kz электрондық үкімет ресурсынан автоматты түрде алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Заңнама бойынша заңды тұлғалар азаматтардың әскери қызметіне қатынасы туралы деректерді тіркеуге міндетті. Сондықтан кадр қызметтері бұрын әскери есепке алу құжаттарын талап еткен.
Сонымен қоса әскери билет Қарулы күштер қатарында, басқа да әскери құралымдарда әскери қызмет өткергендерге ғана берілетінін атап өткен жөн.