KZ
Өскемен
-12°
туман жел 3 м/с, В
509.63 592.34 6.54

Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін әр облыс пен ауданға бекітіледі

17.04.2024, 22:11 363 Айжанат Бақытқызы

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Қ. Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде бизнесмендердің маңызды рөл атқаратынына ерекше назар аударды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

«Бізде Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер бар. Олармен әңгіме жүргізіледі. Олар әр облысқа, ауданға, ауылға бекітіліп, жауап береді. Бұл олардың да мүддесі үшін. Өйткені, олар өз үлестерінің нәтижесін көреді. Өз халқына көмектесетін қайырымды жандар ретінде олардың есімдері де мемлекеттің назарынан тыс қалмайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы еріктілерге де алғысын білдіріп, оларға әрқашан үлкен құрметпен қарайтынын және оларға барлық жағынан қолдау көрсететінін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу