KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
525.11 546.74 4.88

Мектеп пен балабақшаларға қанша психолог жетіспейді?

Фото: depositphotos.com

18.04.2024, 22:15 153 Айжанат Бақытқызы

Ұлттық білім беру деректер қорының ақпараты бойынша мектептердегі педагог-психологтерге қажеттілік 229-ды, мектепке дейінгі ұйымдарда 2029-ды құрайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

Оның мәліметінше, бүгінде «Педагогика және психология», «Психология» мамандығы бойынша 36 жоғары оқу орны маман даярлайды.

2023-2024 оқу жылында 8723 мемлекеттік грант бөлінген, оның ішінде:

  • «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 6702 – бакалавриат, 1512 – магистратура, 267 – докторантура;
  • «Психология» мамандығы бойынша 230 – бакалавриат, 12 – магистратура.
«Қазіргі таңда 19 931 білім ұйымының  9552-де педагог-психологтердің штат бірліктерінің саны талаптарға сәйкес келтірілді. Қалған білім беру ұйымдарында Оқу-ағарту министрлігі әкімдіктермен бірлесіп штат санын талаптарға сәйкес келтіру жұмыстарын жүргізуде», – деп жауап берді Тамара Дүйсенова.


Лауазымдық міндеттеріне сәйкес пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтер мен тәрбие жөніндегі орынбасарлар да оқушылармен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.

«Сонымен қатар, кешенді жоспар аясында 110 мектепте пилот ретінде Финляндияның буллингке қарсы «Kiva» бағдарламасын енгізу жоспарлануда. «Назарбаев зияткерлік мектептері»  базасында 5 халықаралық сертификатталған жаттықтырушы даярланды, 8 мыңға жуық педагог және бағдарламаның 332 үйлестірушісі оқытылатын болады. Кәмелетке толмағандар мен жастардың сапалы психологиялық көмек алу мәселелері Үкіметтің бақылауында»,-деді Тамара Дүйсенова.

 

Жаңа оқу жылынан пилоттық режимде басталатын  бағдарлама аясында педагог-психологтің әрбір сыныппен булингке қарсы тоқсан сайын 1 сағаттан сабақ өткізуі енгізілмек.                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу