Қандастарға арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды
Фото: egemen.kz
Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының ақпараты бойынша, қандастардың Қазақстанда білім алуына арналған стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құжаттарды мамыр айының соңына дейін онлайн өткізуге болады.
Стипендиялық бағдарлама аясында 550 грант бөлінген:
- Бакалавриат – 490 грант;
- Магистратура – 50 грант;
- PhD докторантура – 10 грант.
Стипендиялық бағдарламаға Қазақстан азаматы емес, шетелдік қазақтар қатыса алады. Оларға қойылатын басты талаптар:
*Бакалавриат – орта білімі бойынша құжатының орташа бағасы – «жақсы» болуы шарт.
*Магистратура – бакалавр дипломының орташа GPA көрсеткіші 3.0-ден кем емес және шет тілін білетінін растайтын халықаралық сертификаты болуы керек.
*Докторантура – магистратура дипломының орташа GPA көрсеткіші 3.0-ден кем емес және шет тілін білетінін растайтын халықаралық сертификаты болуы керек.
Стипендия студенттің тегін білім алуына және ай сайын шәкіртақы алуына мүмкіндік береді.