KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

«Алматы Су» бас директорының орынбасары және Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды

фото: depositphotos.com

19.04.2024, 23:06 163 Жанаргүл Мұқатай

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл агенттігімен «Бизнеске жол» жобасы аясында ағымдағы жылдың басынан бері 43 проблемалық кейс шешіліп, 5 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің қызметіне, оның ішінде қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып, заңсыз араласудың жолын кесу жұмысы Агенттіктің ерекше бақылауында, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей,    Алматы қаласы бойынша департаментімен осы жұмыс шеңберінде ауыр жемқорлық қылмыс жасауда «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары әшкереленді.

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған істер бойынша тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив