KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

ШҚО-да кешенді жоспар аясында жол жұмыстары басталды

шартты сурет: depositphotos.com

2.05.2024, 12:19 82 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстан облысында жол жұмыстарының бес жылдық кешенді жоспары әзірленіп, ауқымды жобалар іске асырыла бастады.

Бұл жоспар бойынша алдағы уақытта облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ көлік жолдары, елді мекен көшелері жөнделеді. Бүгінде жұмыс басталып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Аймақ жұртшылығының және қала-аудан әкімдіктерінің ұсыныстарын ескере отырып бұл жоспарды әлі де ширатамыз», - деп мәлімдеді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындары үшін ең өзекті мәселенің бірі – жол сапасы туралы сөз қозғаған. Мемлекет басшысы қазір бұл салада олқылықтар бар екенін атап өтті.

«Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жыл Шығыс Қазақстан облысында Жол жылы болып жарияланған. Соның аясында аудандық маңызы бар 600 шақырымнан асатын жолды жөндеуге 28,5 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр.

Алдағы бес жылда жүзеге асатын ауқымды іс-шаралар жоспарына сәйкес, алдымен транзиттік маршруттарға, оның ішінде шекаралас аудандар мен туризмді дамытуға қолайлы аймақтарға баса назар аударылатынын атап өткен жөн.

Өңірдегі көлік жолдарын жөндеу жөніндегі бес жылдық егжей-тегжейлі жоспар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтында жарияланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив