KZ
Өскемен
-3°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
521.9 593.5 6.39

Тірек ауылдарға баратын жолдар 100 пайыз жөнделеді - Қасым-Жомарт Тоқаев

15.01.2021, 11:38 207
Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат..
 Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауыл жаңғыртылады. «Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді», - деді Қ. Тоқаев.
 Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу