Электромобиль қауіпсіздігіне қатысты талапты білесіз бе?
Фото: ҚР ТЖМ
Қазір елімізде экологиялық таза көлік танымал бола бастады. Бұл жағдай көліктің осы түрін қауіпсіз пайдалануды белгілейтін арнайы нормаларды әзірлеуді талап етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ведомство өз құзыреті шеңберінде электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын қауіпсіз пайдалану мен орналастыруды реттеу үшін зерттелген халықаралық тәжірибе негізінде (АҚШ, Канада, Мексика, Нидерланды, Швейцария, Германия, Ұлыбритания, Финляндия және Ресей) оларға қойылатын талаптарды белгілейтін ұсыныстар қалыптастырып, оларды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атына жолдады.
ТЖМ ұсынған іс-шаралардың нәтижелері бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру бөлігінде мемлекеттік нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Электромобильдерге арналған негізгі талаптар:
- электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын орналастыру орындары анықталды;
- бір өрт бөлігі шегінде орналастырылатын электромобильдер санын шектеу (1200 м2. 10 орыннан артық емес);
- зарядтау станцияларының түрлері мен қуаттары анықталды;
- зарядтау станцияларын орнату кезінде жобалық құжаттаманы әзірлеу қажеттілігі анықталды;
- зарядтау станцияларын өрт сөндіру жүйесімен жабдықтау қажеттілігі.