KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Денсаулық сақтау саласының үздік жас зерттеушісі Семейде тұрады

20.06.2019, 09:18 169

«Денсаулық сақтау саласының үздік жас зерттеушісі» Семейде тұрады екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастыратын дәстүрлі байқау жеңімпаздарын марапаттау медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған. Биылғы жылы денсаулық сақтау саласының 19 қызметкері түрлі номинациялар бойынша марапатталды, олардың қатарында – 37 жасар қауымдастырылған профессор Аян Мысаев та бар.

Өзінің еңбек жолын Риддер қалалық емханасында травматолог-ортопед қызметінен бастаған. Қазіргі таңда Семей медуниверситетінде декан. Зерттеушінің басшылығымен 12 магистрлік және 3 докторлық (РhD) диссертация қорғалған.

– Маған травматология, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау, онкология саласындағы зерттеулер өте қызықты. Мәселен, менің бір докторантым онкология бойынша, ал келесі екеуі – қоғамдық денсаулық сақтау бойынша диссертация қорғады, – дейді жас профессор.

Айтпақшы, ең үздік жас ғалым және зерттеуші – Аян Мысаев бүгінге дейін 118 мақала мен тезистің авторы атанған. Олардың көпшілігі шетелдік журналдарда жарияланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу