KZ
Өскемен
-7°
снег жел 2 м/с, В
519.28 540.05 5.31

Маралды тұрғындарының табысын қалай арттыруға болады?

17.05.2024, 10:36 386

Күршім ауданындағы Маралды ауылдық округі өз кірісінен 22 есе көп бюджет қаражатын алып отыр. Бірақ алдағы уақытта бұл жағдайға қатысты оң өзгерістер болуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің бейінді басқарма басшыларымен кездесуінде Маралды тұрғындарының табысын арттыру мәселесі қаралды. 1 мамырдағы жағдай бойынша ауылдық округтің бюджеті 68,9 млн теңге болды. Мұның ішінде 3,2 млн теңге меншікті кіріс болса, қалған 65,7 млн теңге жоғарғы бюджеттен трансферт және мемлекеттен субвенция түрінде түскен қаражат.

Сала мамандары жағдайды салыстырып қарау үшін тағы бірнеше статистикалық деректі алға тартты. Мәселен, Маралдыдағы бір оқушының жылдық оқуына мемлекет 2,5 млн теңге бөледі, деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева. Ал 1 мамырдағы жағдай бойынша Маралды ауылынан бюджетке жеке табыс жоспарының 66,2 пайызы ғана түсті. Бұл қаражат бір баланың оқуына да жетпес еді.

«Altai-News медиа орталығының» бас директоры Арсений Дүйсенов елімізде Астана, Алматы қалаларының және Атырау облысының ғана өз табысы өзіне жеткілікті екенін атап өтті. Тек осы үш аймақ республикалық бюджеттің доноры болып саналады. Өзге өңірлер қаражаттың көп бөлігін мемлекеттік қазынадан алады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының бюджеті өз шығыстарын тек 35 пайыз жабады, қалған 65 пайызды республикалық бюджеттен алады.

Өңірлерге еліміздегі әрбір жеке және заңды тұлғадан түсетін салық есебінен қомақты субсидиялар бөлінеді. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылардың үлесі зор екенін айта кеткен жөн. Бұл тарап биыл республикалық бюджетке 715,5 млрд теңге салды. Шығыс Қазақстан облысындағы 290 кәсіпорыннан 66,4 млрд теңге мөлшерінде салық түсті. Мұндағы 69 кәсіпорын кәсіпорын Күршім ауданында жұмыс істейді.

Субвенцияға сүйенбей, тұрақты әрі лайықты табысқа жету үшін Маралды ауылдық округінің тұрғындарына мүмкіндік туып тұр. Алтын өндіру фабрикасы 300-ге жуық жұмыс орнын ұсынып отыр. Жергілікті тұрғындар жұмысқа орналасу арқылы ауыл бюджетін қалыптастыруға үлес қосар еді.

Айта кетейік, Күршім ауданында қазір игеріліп жатқан кен орындарынан бөлек алтын, сирек метал, саз, әктас, құм секілді кен өндірілетін 24 резервтік орын бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу