KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1,9 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Маралдыдағы жағдай: барлығы заң аясында болады

20.07.2023, 23:50 327

Маралды ауылының алтын өндіру фабрикасында туындаған жанжалды жағдай жедел бақылауға алынды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Күршім ауданының Маралды ауылындағы жағдайды басынан бақылауда ұстап отыр және азаматтардың құқықтарын сақтау мен туындаған жағдайды қолданыстағы заңнама аясында шешуді бірінші кезектегі мәселе деп біледі.
Маралды ауылының алтын өндіру фабрикасында туындаған жанжалды жағдай жедел бақылауға алынып, құқық қорғау органдарымен бірлесіп реттелді. Қазір тиісті тергеу шаралары жүргізілуде. 
Облыс әкімдігі жағдайды шешудің кейбір мәселелері орталық мемлекеттік органдардың құзыретінде екенін және барлығы қолданыстағы заңнама шеңберінде ғана жүзеге асырылатынын атап өтті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу