KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
459.75 494.14 5.54

Өскемендік соғыс ардагеріне заманауи есту аппаратын табыс етті

17.05.2024, 15:08 83 ALTAINEWS

Өскемендік соғыс ардагері Құрмат Рахимовқа Naida p 50vp заманауи есту аппараты табыс етілді. Бұл есту аппаратының көмегімен қарт майдангер өзінің туған-туыстарымен, жақындарымен еш қиындықсыз сөйлесіп, әңгімелесетін болды,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айта кетейік, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Бұл тұрғыда Шығыс Қазақстан облысында ілкімді істер атқарылып келеді.

Қазір облыста соғысқа қатысқан 14 ардагер және 5010 тыл еңбеккері бар. Қазына кеуде қарияларымыз қай кезде де қамқорлықтан тыс қалған емес. Оларға тиісті әлеуметтік көмек көрсетілумен қатар қажетті оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі де өз шешімін тапқан. Соғыс ардагері Құрмат Рахимовқа көрсетілген қолдау да осы игілікті істің бір көрінісі деуге болады. Ғасыр жасаған қарияның кейінгі жылдары құлағы естімей, адамдармен сөйлесуі қиындаған. Жуырда майдангерге Naida p 50vp заманауи есту аппараты табысталды.

Құрмат Рахимов 1924 жылы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1942 жылы тамызда жалпы әскери бөлімдерге шақырылды, Литва, Беларусь елдерін азат етуге қатысты, 1-ші Балтық және 3-ші Беларусь майдандарының құрамында Кенигсберг қаласына шабуыл жасады. Жеңіс күнін Кенигсберг қаласында қарсы алды. 1955 жылдан бастап демобилизациядан кейін Өскемен қаласында ішкі істер органдарында қызмет етті. Полковник шенімен зейнетке шықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив