KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

ШҚО полицейлері ҰОС ардагері Құрмат Рахимовтың ауласында шеру өткізді

ШҚО ПД

9.05.2024, 11:00 201 Назерке Каримова

Өскемен қаласында майдангер тұратын үйдің ауласында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.

ШҚО полиция департаментінің хоры халықтың сүйікті әндеріне айналған “Катюша”, “Журавли” және “День победы” әндерін орындады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.

ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев, тәртіп сақшылары мен кадеттер Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Құрмат Рахимовқа барып, оған арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Ақсақал биыл 100 жылдық мерейтойын тойлап жатқанына қарамастан, әлі де жайдары, қайратты, белсенді, көңілді.

Жақында Астана қаласында ақсақал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан “Құрмет” орденімен марапатталған. Оны Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов салтанатты түрде табыс етті.

Құрмат Рахимов 17 жасында майданға аттанған. Ардагердің жауынгерлік жолы – Беларусь, Литва, Польшаның бүкіл картасын қамтиды, бірақ жас жігіт көптен күткен жеңісін Берлинде қарсы алды.

Соғыстан кейін ол Каменец-Подольскідегі әскери училищені бітіріп, Түркіменстан мен Иран, Қазақстан-Қытай, кеңес-жапон және басқа шекаралардағы шекара бөлімдерінде қызмет еткен.

Демобилизациядан кейін 1965 жылы Өскеменге келіп, ұзақ жылдар бойы облыстық ІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған. 1981 жылы ішкі істер органдарында 16 жыл жұмыс істегеннен кейін зейнетке шыққан, алайда бүгінгі күнге дейін өз ісіне адал болып қала береді. Осы жылдар ішінде ол 6 генерал мен 60 офицерді тәрбиелеген.

Ұлы Отан соғысы және ІІО ардагері II дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Кенигсбергті алғаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін”, “Жауынгерлік еңбегі үшін” медалімен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу