ШҚУ студенті Азия чемпионы атанды
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың дене шынықтыру және спорт білім бағдарламасының 1-курс студенті Жалғас Төреханов жасөспірімдер арасында армрестлингтен өткен Азия чемпионатында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ташкент қаласында өткен чемпионатқа шығысқазақстандық студент 85 келі салмақ бойынша тартысқа түскен.
-Жарысқа үш ай көлемінде мұқият дайындалдым. Бұл жарыс мен үшін үлкен тәжірибе. Жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын,-дейді Жалғас Төреханов.
Айта кетсек, армрестлинг - бекітілген халықаралық ережеге сай, қол күшін сынасатын ерекше спорт түрі. Ол алғаш 1952 жылы Калифорнияның Петалума қаласында жандана бастаған. Қазір аталған спорт түрімен айналысатындардың қарасы қалың.
Оқи отырыңыз