KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 0,8 м/с, Ю
452.92 484.99 5.12

Абаттандыру жұмыстары қарқынды – Өскемен

27.05.2024, 20:02 74 Ынтымақ Толқын

Өскеменде қаланы абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шаһардың жаңа дизайн-кодына сәйкес орталық базардан Пушкин кітапханасына дейінгі төрт мың шаршы метр аумаққа тас төсеніш төселген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс орталығының бірыңғай дизайн коды қабылданғаннан кейін абаттандыру жұмыстары қарқын алған. Бүгінде Қазақстан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысынан бастап Пушкин кітапханасына дейінгі аралыққа тротуар салынып жатыр.

– Абаттандыру жұмысы бір ай бұрын басталған, қазір аяқтауға таяп қалдық. Алдағы екі-үш күнде бітеді деп жоспарлап отырмыз. Қазір мұнда «Актив – А» ЖШС жұмыс атқарып жатыр. Бір айда 700-ден астам жиектас пен 4 мың шаршы метр аумаққа тас төсеніш төселді. Сондай-ақ көшеге орындықтар қойып, жарық шамдарын орнату да жоспарланған, - дейді Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ержан Ибраев.

Айта кетелік, қабылданған бірыңғай дизайн код аясында қаланың бірнеше аумағында үйлердің қасбетін әрлеу және абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив