KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность Штиль
452.92 484.99 5.12

Өскемендегі Қазақстан көшесі өзгеріп жатыр

27.05.2024, 14:35 125 Қуаныш Рахметоллаұлы

Өскеменде қаланың келбетін жақсарту және ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде  шаһардағы Қазақстан көшесін орталық универсамнан бастап, Мыза көшесіне дейін кешенді абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның ішінде Қазақстан көшесіндегі  үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Базар маңындағы жаяу жүргіншілер жолы, Пушкин атындағы орталық кітапхананың алды абаттандырылып, жаңа тротуарлар салынуда.  Жергілікті тұрғындар, өзгерісті көріп, дән риза.

– Мен осы Қазақстан көшесінде тұрамын. Үйіміздің сырты жаңарып қалды. Қуанып жатырмыз. Қаламыз көркейе берсін! – деді қала тұрғыны Рахилә Күндубаева.

Жақсылық Омар, Өскемен қаласының кәсіпкерлері қаламызға тілектес болып, абаттандыру бойынша жобаларымызды іске асыру кезінде өз мүлкін де  шаһардың дизайн-кодына сәйкестендіретініне сенім білдірді.

– Көп қабатты тұрғын үйлерлің бірінші қабатында кәсіпкерлік нысандар орналасқан. Демек кәсіпкерлер оларды архитектуралық келбетке келтіру жұмыстарын қолға алып, маңын абаттандырса,  тартымға орынға айналады, яғни табысының өсуіне ықпал етеді, – деді  Өскемен қаласының әкімі.


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив