Өскемен гарнизонының қатары жас сарбаздармен толығуда
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Өскемен гарнизонына қарасты 27943 әскери бөліміне күзгі әскери шақырылымның алғашқы сарбаздары келіп бастады.
Жалпы күзгі әскери шақырылымда Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөліміне 300-ден аса сарбаз келеді деп күтілуде. Бұл сарбаздардың алғашқы келгі келіп те бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының әскер жасындағы азаматтары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөліміндегі сарбаздар сабына қосылды.
27943 әскери бөлімінің тәжірибелі офицерлері мен сержанттары сарбаздарға әскери қызметке бейімделуге көмектесіп, әскери мамандықтарға үйретеді. Жас сарбаздар саптық дайындықтардан бөлек, жауынгерлік қарудан оқ ату дағдыларын, сондай-ақ жауынгерлік әскери техникалар мен қару-жарақтарды қолдану тәсілдерін меңгеретін болады.
Қазіргі кезде жас сарбаздарды әскер қатарына қабылдауда жемқорлықтың болмауы қатаң қадағаланады. Сонымен қатар, әскери борышын өтеп шыққан сарбаздар кез келген жоғары оқу орнында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Алдағы уақытта 27943 әскери бөлімі еліміздің 7 облысынан келетін жас сарбаздармен толығады. Оларды Отанын қорғай алатын лайықты азамат етіп тәрбиелеу дәл осы әскери бөлімнің офицерлері мен сержанттарына жүктелетін жауапкершілік болып табылады.