ШҚО: Алдағы қыста көмір тапшылығы болмайды
![](/kz/uploads/posts/2024-05/8mrv8lkm-1440x810.webp)
Фото: inbusiness.kz
Шығыс Қазақстан облысының халқын және жылу көздерін уақтылы және жеткілікті мөлшерде көмірмен қамту мақсатында «Қаражыра» және «Қазақстан темір жолы» кәсіпорындарымен 1,8 млн тонна көмірді вагондармен жөнелту кестесі бекітілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ аймақ басшысы көмір жеткізу барысын күнделікті бақылап отыруды жүктеді.
Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың айтуынша, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды субсидиялау аясында көмір сатып алуға облыстық бюджет комиссиясының қарауына 745,3 млн теңгеге өтінімдер берілді.
Атап айтсақ, «Өскемен жылу желілеріне» 352,7 млн теңге, «Теплоэнергия» кәсіпорнына (Глубокое кенті) 176,5 млн теңге, «Тепловодоцентраль» мекемесіне (Алтай ауданы) 170 млн теңге, «Күршім» мекемесіне 45 млн теңге берілмек.