ШҚО халқына қажет көмірдің 85 пайыздан астам бөлігі жеткізілді
Қазіргі таңда ШҚО халқын көмірмен қамту белсенді жүріп жатыр.
ШҚО Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық баскармасының мәліметіне сәйкес, халыққа қажет көмірдің 85 пайызы жеткізілген. Ал бюджеттік ұйымдарға отынның жоспардағы көлемі берілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Тұрғындар үшін 380 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл қажет көлемнің 85 пайызынан асады. Ал бюджеттік ұйымдарды 100 пайыз қамтыдық. Оларға 40 мың тоннадан астам көмір жеткізіп бердік. Білім беру нысандары 30 мың тонна, әлеуметтік қорғау нысандары 5 мың тонна, денсаулық сақтау нысандары 6 мың тонна көмір алды, – дейді ШҚО Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық баскармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.
Оның айтуынша, теміржол арқылы тасымалданатын орындарда 19,5 мың тонна көмір бар. Аймақтағы ЖЭО мен жылу беру көздерінде 308 мың тонна көмір сақталған. Өскемен ЖЭО-дағы қор 30 тәуліктен астам уақытқа, Согра ЖЭО-дағы қор 40 тәулікке, Риддер ЖЭО-дағы көмір 15 тәулікке жетеді екен.
Оқи отырыңыз