KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
474.83 515.38 5.5

Былтыр 502 гектар орман өрттен қорғалды – ШҚО

Фото: instagram/sharbaqtyaqparat

29.05.2024, 16:13 93 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстан облысында орман қорының аумағы 2,9 миллион гектарды алып жатыр, оның 1,6 миллион гектары орман. Былтыр өңірімізде ірі орман өрті болған жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржановтың айтуынша, былтыр өңірде 502 гектар жасыл желекті алқап өрттен қорғалды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 31 есе төмен. Тілсіз жаудан 35 млн 508 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген, бұл да алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 есе аз.

– Былтыр 45 дала өрті тіркелді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге аз. Тілсіз жау 492,5 гектар аумаққа жайылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,5 есе аз, – деді басқарма бастығы Нұржан Өміржанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив