Тау шаңғысы туризмінің мәселелерімен танысты – ШҚО
Фото: редакция мұрағатынан
ҚР Сенатының туризмді дамыту комитетінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысында тау шаңғысы туризмінің мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Сенаттың туризмді дамыту жөніндегі республикалық комитетінің өкілдері тау шаңғысы туризмін дамыту мәселелерінің ауқымын бағалау үшін «Алтай альпісі» тау шаңғысы кешеніне барды.
Александр Чиликиннің айтуынша, тау шаңғысы бизнесін дамытуға мүмкіндік несиелеу шарттарының қиындығы, туризмді дамыту және инвестициялау үшін жер меншікке берілмейтіні кедергі келтіретінін айтты.