ШҚО делегациясы халықаралық ITB China көрмесіне қатысы
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайдың Шанхай қаласында өткен ITB China халықаралық туристік көрмесіне қатысып, өңірдің туристік әлеуетін паш етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әлем елдері көз тіккен көрмеде аймақтың тұмса табиғаты, мол мәдени мұрасы және алуан түрлі туристік маршруттары жөнінде толық мағлұмат ұсынылды. Дизайны ерекше, мазмұны бай Шығыс стенді көпшіліктің көзаймына айналды деуге болады.
Туризмді дамытуға мүдделі үш жетекші туроператор мен бір сауықтыру кешенінің өкілі ұсынған таныстырылым осы сала бойынша көршілес елдермен ынтымақтастықты нығайтуға жол ашып отыр.
Шығыс өңірі айтулы іс-шараға қатысу арқылы халықаралық туристік қоғамдастықтың назарын аударып ғана қоймай, аймақта туризм индустриясын дамытуға табысты қадам жасады.