KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басшысы қызметіне тағайындалды

Фото: gov.kz

10.06.2024, 17:33 99 Анель Слямғазықызы

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің шешімі бойынша, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин тағайындалғаны хабарланды.

"Бағдат Мусинге қордың маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Сондай-ақ, Қуанышбек Есекеевке еліміздегі ең ірі телеком-компанияны 14 жылдан аса басқарғаны үшін алғысымды білдіремін. "Қазақтелеком" АҚ бірінші басшысының қордың негізгі компанияларының бірін дамытуға қосқан үлесі баға жетпес", - деді қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив