Алтайда «Жас кәсіпқой» кәсіптік бағдар беру лагері жұмыс істейді
Алтай ауданында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін Алтай қаласындағы технологиялық колледжде мектеп оқушыларына арналған «Жас кәсіпқой» жазғы кәсіптік бағдар беру лагері жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жуырда лагерьде балалардың аспаздық және креативті қабілетін ашу, тамақтану мәдениеті мен танымдық белсенділік дағдыларын, шығармашылық қиялын дамыту мақсатында «Аспаздық сайыс» байқауы өтті.
Байқау барысында қатысушылар мақал-мәтел айтып сынға түсті, өздерінің аспаздық қарым-қабілетін көрсетіп, түрлі байқауларға белсене қатысты.
Байқау қатысушыларына аудан әкімінің орынбасары Ж.Асқарова, аудандық мәслихаттың төрағасы Л.Гречушникова, бөлім басшысының міндетін атқарушы И.Коломиец, «Ладушки» балабақшасының директоры Ш.Қасенова, Достық үйінің директоры Е.Филимонова қолдау көрсетті.
Қызықты өткен сайыс нәтижесінде барлық қатысушы грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.