Мұрат Әуезов дүниеден өтті
t.me/madenietaqparat
Кеше белгілі түркітанушы, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Мұхтарұлы Әуезов дүниеден озды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- Мұрат Мұхтарұлы еліміздің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға еді. Ол Қазақстанның Қытайдағы елшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры, Мұхтар Әуезов қорының президенті қызметтерін атқарды. Көркем әдебиет теориясы мен практикасы туралы 200-ден астам еңбек жазып, жемісті жұмыс істеді, - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Ол саналы ғұмырын өз еліне, ұлт руханиятының кемелденуіне арнаған абзал азамат еді. Мұрат Мұхтарұлының өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі жадымызда әрдайым сақталады. Ал оның еңбектері болашақ ұрпаққа мәңгі қызмет ете берері анық.
Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!
Оқи отырыңыз