KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

Қос батырдың ерлігі ұлтқа ұран, ұрпаққа мұра

Фото: «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінен
Фото: «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінен
18.06.2024, 10:15 132

«Atamnyn аmanaty» қоғамдық бірлестігі жастарды рухани-адамгершілік, әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруда. Биыл бұл шаралар Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойларына арналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері ұйымдастырылып келе жатқан іс-шаралар легіне тоқталсақ. Қаңтар айында «Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыс майданындағы ерлігі» тақырыбына арналған викториналық ойын сәуірге дейін жалғасты. Бұл сайысқа 30 команда қатысты. Зияткерлік ойынның финалына Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі, Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, З.Мырзағұлова атындағы жоғары Даналық медициналық колледжі, М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледж, Шипагер медициналық колледжі, Сервис және туризм колледжінің командалары шықты.

Финалдық ойын биылғы 26 сәуірде өтіп, онда колледж студенттері өз командаларына белсенді қолдау көрсетті. Зияткерлік ойынның жеңімпаздары кубоктармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы, «Atamnyn аmanaty» ұйымының атына викториналық сайыс өткізу туралы жастардан, колледж оқытушыларынан көп ұсыныс келіп түскендігін айта кеткен абзал.

Сонымен қатар биылғы 22 мамыда Астанадағы Достық үйінде «Аталар аманатына адалмыз» атты дөңгелек үстел өтті. Оған аты аңызға айналған батырлардың ұрпақтары – Лира Нұрмағамбетова мен Дәурен Қошқарбаев, белгілі ғалымдар, еліміздің Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.

Орта арнаулы оқу орындары мен «Atamnyn аmanaty» қоғамдық ұйымы арасында жастарды патриоттыққа рухта тәрбиелеу мақсатында жасалған меморандумға сәйкес, өткен оқу жылында белсенді қызмет атқарған колледждер Кеңес Одағының батырлары, қазақстандықтардың ерлігі туралы баяндамалар әзірледі.

Бұл шара ұрпақ сабақтастықтығының символына айналып, жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайта түскеніне сенімдіміз.

Астанадағы Триатлон паркте өткен  5 және 10 шақырымдық жарыс Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың ғасырлық мерейтойлары аясындағы бір айтулы шара болды.

Жарыс «Atamnyn Amanaty» бірлестігі мен Қорғаныс министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымадастырылды. Оған Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның мыңға жуық әскери қызметшісі мен төрт жүзден астам кәсіби жеңіл атлет, әуесқой спортшылар қатысты.

Марафонға қатысушыларды «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов құттықтады.

– Атақты жауынгерлерді еске алу мақсатында осындай спорттық шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналды. Былтыр тура осы жерде екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бегелдиновті еске алуға арналған жарыс өткен еді. Бүгінгі сайыс аты аңызға айналған батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың жүз жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Осы аламанға қатысу – олардың ғасырлар бойы жасай беретін ерліктеріне деген тағзым мен құрмет, – деді Марат Нұғыманов.

Сондай-ақ биылғы 31 мамырда «Atamnyn аmanaty» ұйымы еліміздің Құрлық әскерлерінің Ақмола гарнизонында орналасқан 68655 әскери бөлімінде елордалық студенттерге арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Онда болашақ Отан қорғаушылар сарбаздардың әскери өмірін көріп, салтанатты әскери ант қабылдауға куә болді. Қару-жарақ пен әскери техника түрлерімен танысты.

Бұл іс-шара жастар арасында әскери қызмет мәртебесін көтеруге, патриоттық сезімдерін дамытуға ықпал етті деп ойлаймыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу