KZ
Өскемен
+14°
туман Штиль
450.79 482.21 5.05

Алтайда Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай салтанатты шара өтті

24.05.2024, 19:02 82 ALTAINEWS

Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералыСағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай Алтай қаласы С. Нұрмағамбетов атындағы мектепте салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара "Айбын — 2024" халықаралық әскери-патриоттық жиынына дайындық бойынша ШҚО активінің кездесуінен басталды. Артынша білім ордасынан батыр атындағы мұражай ашылды.

Мұражай тарихи тұлғанының өмірінен сыр шертеді. Сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетовтің Отан қорғаудағы ерлігі, оның әскери саладағы жетістіктері туралы ақпарат алуға болады.

Салтанатты шара барысында "Айбын-2024" халықаралық әскери-патриоттық жиынына команданың дайындығы көрсетілді.

Жиын  ұрпақтар диалогымен аяқталды. Ардагерлер мен оқушылар патриотизм мен ұрпақтар сабақтастығының маңызын талқылады.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив