KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Өскеменде екі жасар бала терезеден құлап кетті

Фото: ШҚО ТЖД

18.06.2024, 17:31 335 Нұржан Кенжеұлы

Өскемен қаласының Серікбаев көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің бесінші қабатынан қараусыз қалған бала құлап кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Екі жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлаған. Баланың анасы үйде болған, бірақ баланың терезе ернеуіне шығып кеткенін аңдамай қалған. Терезеде шыбын-шіркейден қорғауға арналған тор болған. Алайда тор баланы қорғап қалу мүмкін болмаған. Бала ауруханаға жатқызылған, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық  ТЖД баспасөз қызметі.

Жазғы маусымда көп қабатты үйлердің терезесі көбірек ашық тұратындықтан кез келген ата-ана балаға әрдайым сақ қарап, жауапкершілік танытқан жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу