KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Риддерде екі жастағы бала терезеден құлап кетті

29.05.2023, 10:58 283 Оразай Жеңісұлы

Риддер қаласында екі жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті.

Жазатайым оқиға 26 мамырда сағат түскі он екі шамасында Абай даңғылында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Бес қабатты үйдің үшінші қабатынан құлаған. Жарақат алған бала Риддердегі аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы орташа», деп мәлімдеді қаланың төтенше жағдайлар бөлімі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала жатын бөлменің терезесінен құлаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив