Катонқарағайлық тұрғындар тегін медициналық тексерістен өтті (видео)
Бүгін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығына Катонқарағай ауданының тұрғындары келіп, тегін медициналық тексерістен өтті, білікті мамандардан кеңес алды.
Орталықта мұндай шара алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Бұған дейін Күршім ауданындағы Маралды ауылынан 30-дан астам әйел адам келіп, тексерістен өткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ақ халаттылар алғашқы шараның нәтижесінде ешқандай қатерлі ісікке күдік анықталмағанын айтады.
Аталған акция аясында тұрғындар өз аудандарында өте алмайтын тексерістерден Өскемендегі облыстық онкологиялық орталыққа келіп өтеді.
Сондай-ақ онкоорталық мамандары 2023-2027 жылға тағайындалған кешенді бағдарлама аясында Катонқарағай ауданы үшін мамография аппараттары мен компьютерлік томография сатып алу жоспарланып отрығанын атап өтті.
Ағымдағы жылы шалғайдағы ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында жыл көлемінде осындай түрлі акциялар ұйымдастыру жоспарланып отыр.